Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Халықаралық экологиялық «Жер сағаты» акциясы өтеді.
«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бастамасымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық шара. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.





