«Заң және тәртіп» айлығының аяқталуы «Елецкийорта мектебі» КММ - інде өтті. Қорытынды іс-шара аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелері шығарылып, оқушылардың белсенділігі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға бағынатын мінез-құлықты дамытуға және құқық нормаларын құрметтеуге бағытталған іс-шаралардың маңыздылығы атап өтілді.
Аталған айлық тәрбие жұмысының маңызды бөлігіне айналып, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.





