"Елецкий орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

Ұстаздарымызға мың алғыс! Еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын! 💐❤️

Previous Next
Ұлы да ұлағатты сөз — Ұстаз! Ұстаздар — жүрек қалауымен, жан-тәнімен сүйікті ісіне берілген бақытты жандар! Еңбектері әрдайым жеңіл бола бермесе де, күнделікті жұмыстары сан түрлі қарбаласқа толы болса да, олар балаларға даналық пен білім нәрін сеуіп, мейірімділік пен ізгілікті үйретеді.
Ұстаздар күніне орай Елецкий орта мектебінде ардақты ұстаздарымызға арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара барысында ұстаздарға деген құрмет пен алғыс айтылып, жүрекжарды тілектер жолданды.
Сонымен қатар, «Елецкий орта мектебі» КММ кәсіподақ ұйымының төрағасы Базарбаев А.Қ. заманауи жаңа аппаратураны сатып алуға көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіз мектебімізге әрдайым қолдау көрсетіп, көмек қажет болған сәтте жанымыздан табыласыз. Сізге еңбегіңізге табыс, жұмысыңызға жеңілдік, сарқылмас күш-қуат пен таусылмас оптимизм тілейміз!
Мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға, концерттік бағдарламаны өткізуге қажетті жабдықтарды сатып алуға 2018 жылғы мектеп түлектері де қолдау көрсетті.
Құрметті түлектер, қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Мектептеріңізге деген қамқорлықтарыңыз бен игі істеріңіз әрдайым жалғасын таба берсін! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыстар тілейміз!
Ұстаздарымызға мың алғыс! Еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын! 💐❤️
Записаться на прием