Мектеп кітапханасында мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған шара өткізілді. Балалар «Салауатты әдеттер» еліне қызықты саяхат жасап, бірнеше аялдамада болды: «Жеке гигиена», «Спорттық», «Табиғи дәрумендер». Әр аялдамада салауатты өмір салтының пайдасы туралы қысқаша ақпарат берілді. Балалар жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдердің басы мен соңын сәйкестендірді. Іс-шара танымдық әрі қызықты өтті.
Жаңалықтар
«Салауатты әдеттер»
Қаралды: 3





