"Елецкий орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Наурыз – жаңару мерекесі»

Previous Next

Көктем – табиғаттың қысқы ұйқыдан оянатын мезгілі. Бар тіршілік иесі көктемнің келуіне қуанады. Іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп кітапханасында 1–11 сынып оқушыларына арналған «Наурыз – жаңару мерекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде Наурыз мейрамының тарихы, оның шығу тегі мен қазақ халқының мәдени-рухани өміріндегі маңызы туралы, Қазақстан табиғаты жайлы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, бата-тілектер, қазақтың ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары, халық қолөнері және тағы да басқа көптеген мәліметтер қамтылған кітаптар ұсынылды.
Әрбір оқырман көрмеден өзіне қажетті әрі пайдалы ақпарат тапты.
Записаться на прием