18 наурыз күні «Елецкий орта мектебі» КММ жанындағы мектепке дейінгі ұйымында ең жарқын әрі жүрекке жылы мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы атап өтілді. Бұл мереке табиғаттың жаңаруын, жаңа жылдың басталуын, татулық пен бірлікті білдіреді.
Наурызға арналған ертеңгілік мектеп директоры Қадыров Е.К.-нің жүрекжарды құттықтауымен басталды. Ол алғаш болып балаларға жылы лебізін білдіріп, шынайы тілегі арқылы мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Қызықты сәттердің бірі – ауылдан әженің келуі болды. Әже балалармен бірге интерактивті ойын өткізіп, Наурыз көженің қалай және неден дайындалатынын көрсетті.
Мереке әндерге толы болды, балалар би билеп, белсенді қатысты. Осындай ертеңгіліктер халқымыздың салт-дәстүрлерін тереңірек тануға, оларды балалардың жадында сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, балаларды, ата-аналарды және тәрбиешілерді біріктіріп, мерекені ұмытылмас етеді.





