Мини-орталықта және мектепалды даярлық сыныбында жарқын әрі көңілді жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Бұл мереке балаларға ертегі, сиқыр және нағыз жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.
Балалар өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән айтып, би билеп, көңілді ойындарға белсене қатысты. Балаларға қонаққа Аяз ата мен Ақшақар, Аққала, тентек Қоян және айлакер Түлкі келіп, қызықты тапсырмалар ұсынып, әрине, жаңа жылдық сыйлықтарымен қуантты 






