2026 жылғы 23–24 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында туристік-экспедициялық отрядтардың «Менің Отаным – Қазақстан» атты республикалық слеті өтті.
Аталған жарыста Солтүстік Қазақстан облысының намысын мектебіміздің оқушылары — Ролеф Руслан, Бортник Вадим, Болатов Нұралы, Татымов Артём және Василькова Наталья қорғады. Бұл оқушылар аталған жарыстарда бірнеше жылдан бері облысымыздың намысын абыроймен қорғап келеді.
Жас туристеріміз өздерінің жақсы дайындық деңгейін, спорттық рухын және жеңіске деген жігерін көрсете білді.
Мектеп әкімшілігі оқушылардың жарыстарға қатысуына бірнеше рет демеушілік көмек көрсетіп, қолдау білдіріп жүрген «Агро-Елецкое» ЖШС директоры Байтас Абзалович Қазбековке алғысын білдіреді.





