«Оқитын мектеп» іс-шаралар жоспары мен мектеп кітапханасының аясында 10-сынып оқушылары арасында көрнекті қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мен өз ойыма күлімдеймін» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – патриотизмге тәрбиелеу, ақынның өлеңдері мен әндері арқылы оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту.
Оқушылар ақынның өмірбаяны туралы өз білімдерімен бөлісіп, шығармаларын оқыды, әндерін тыңдады, бейнеролик көрсетілді, викторина өткізілді.
Іс-шараға орай ақынның шығармашылығын ашатын «Ақын және дәуір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.





