Мектеп кітапханасында «Әлем отбасынан басталады» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушыларды жақындарына құрметпен қарауға, өзара түсіністік пен жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрмеге сүйіспеншілік, қамқорлық, қолдау және өзара көмек тақырыптарын қамтитын көркем шығармалар, әңгімелер, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер қойылды.
Оқушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, оқуға кітаптар таңдап, шығармаларды талқылауға қатысты.





