Мектеп кітапханасында 3-сынып оқушыларына арналған Қарттар күніне орай іс-шара өткізілді. Балалар аға ұрпақты құрметтеу мен оларға қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы білді. Викторинаға, ойындар мен сайыстарға қатысты. Оқушылар әжелері мен аталарына арналған жылы, ізгі сөздер айтып, оларға жасай алатын қайырымды істерін еске түсірді.
Оқушылар қарт адамдарға әрдайым көңіл бөлу, құрмет көрсету, мейірімділік пен қамқорлық қажет екенін түсінді.





