ААПҚ жұмысы аясында «Әке мен бала— екі батырдың сынағы» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға 5–9 және 10–11 сынып оқушылары мен олардың әкелері белсенді түрде қатысты.
Іс-шараның мақсаты — отбасылық байланысты нығайту, командалық рухты дамыту, әке мен бала арасындағы ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын тәрбиелеу.
Калиев Темирланның отбасына ерекше алғыс білдіреміз,
себебі команда құрамында әке мен баламен қатар бүкіл отбасы қатысты.
Сондай-ақ Ибрагим Ахмет пен Жалғас отбасына алғысымызды білдіреміз,
балаларды қолдауға олардың ағасы келді.
Сіздердің үлгілеріңіз отбасылық құндылықтар мен командалық рухтың қатар жүретінін айқын көрсетеді.
Барлық ата-аналар мен оқушыларға белсенді қатысқандары мен
ынта-жігерлері үшін алғыс білдіреміз.





