Кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес мектебімізде 7–9 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру әңгімесі өткізілді. Кездесуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты РММ «Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледждің» өкілі, курсант Дауренбеков М. өткізді.
Әскери колледж келесі мамандықтар бойынша қабылдау жүргізеді:
1. «Әскери істе автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар» —
«байланыс, радиоэлектроника және коммуникация құралдарының технигі» біліктілігі беріледі;
2. «Қару-жарақ пен әскери техниканы техникалық қызмет көрсету» —
«қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу технигі» біліктілігі беріледі;
3. «Бастапқы буын менеджменті» —
«инженерлік-саперлік бөлімшелерді басқару» біліктілігі беріледі.





