«Елецкий орта мектебі» КММ - де ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа педагог-психолог, әлеуметтік педагог, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, мектеп директоры және учаскелік инспектор қатысты.
Жиналыс барысында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, жаңа оқу жылындағы оқушылардың бейімделуі, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері, сондай-ақ оқушылардың мектеп қабырғасында және одан тыс жерлердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Ата-аналарға мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының маңыздылығы, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі түсіндірілді.





