Қалыптасқан дәстүр бойынша мектеп кітапханасында «Бірінші сынып оқушыларын оқырман қатарына қабылдау» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Оқушылар үшін мектеп кітапханасына экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында кітапхананы пайдалану ережелерімен және кітапты ұқыпты ұстау қағидаларымен танысты.
Балалар жұмбақтар шешіп, ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, викторина сұрақтарына жауап берді. Жас оқырмандар барлық қызықты тапсырмалардан сәтті өтті.
Мереке жарқын әрі есте қаларлықтай өтті. Енді әрбір бірінші сынып оқушысының өз оқырман формуляры бар, ал кітапхана олар үшін ақылды достар – кітаптар мекендейтін сиқырлы орынға айналады.





