Біздің мектебімізде жаңару, ізгілік пен бірліктің символы — Наурыз мерекесіне арналған «Берекелі Наурыз дастарханы» атты жарқын әрі мазмұнды іс-шара өтті.
«Берекелі Наурыз дастарханы» іс-шарасы өскелең ұрпақтың мәдени мұраға деген құрметін тәрбиелеуге, достықты нығайтуға, мектеп ұжымының бірлігін арттыруға, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.





