«Балалар және гаджеттер» тақырыбы да балалардың киберқауіпсіздігінің алдын алу бағыттарының бірі болып табылады.
Осы бағытта педагогтер тәрбиеленушілермен киберқауіпсіздіктің алдын алуға және гаджеттерді дұрыс пайдалануға деген көзқарасты қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.
Балаларға түсінікті, ойын түрінде телефондар мен планшеттердің пайдасы мен зияны туралы түсіндірілді. Тәрбиеленушілер әңгімелесуге, түрлі ойындарға белсенді қатысты.
Іс-шара барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, құрдастарымен бірге ойнауы, кітап оқуы және таза ауада серуендеуінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.





