Наурыз мерекесін атап өту аясында біздің мектепке дейінгі ұйымымызда балаларды қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне баулу мақсатында «Қазақ ұлттық ойындары» атты тақырыптық іс-әрекет ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер «Таяқ тарту», «Бұқа тартыс», «Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Асық ойнау» сияқты дәстүрлі ойындармен танысты.
Балалар ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысып, ептілік, жылдамдық, тапқырлықтарын көрсетті. Ойындардың ережелерін түсіндіруге және олардың тарихи маңызына ерекше көңіл бөлінді. Ойын әрекеті арқылы балаларда достық, өзара түсіністік, ұлттық дәстүрлерге деген құрмет сияқты қасиеттер қалыптасады.





