Біздің мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста оқушылардың оқу, тәрбие және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты маңызды сұрақтар қарастырылды. Жиналысқа ата-аналар, мектеп әкімшілігі және мұғалімдер қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
Мектеп директорының кіріспе сөзі
Директор ағымдағы оқу жылына арналған мектептің мақсаттары мен міндеттерін атап өтіп, отбасы мен білім беру мекемесінің өзара байланысының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас».
Бала тәрбиесіндегі қарым-қатынас ерекшеліктері, балаларға эмоционалдық қолдау көрсету, күйзеліске жол бермеу жолдары және қолайлы отбасылық орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарының ақпараты
1-тоқсан бойынша оқушылардың үлгеріміне талдау жұмысы ұсынылды.
Оқушылардың жетістіктері мен оқу әрекетін одан әрі дамыту бағыттары белгіленді.
Әлеуметтік педагогтың ақпараты
Әлеуметтік педагог ваучерлер туралы мәлімет беріп, ата-аналарға оларды алу шарттары, құқығы бар оқушылардың санаттары және рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
«Адал Азамат» және «DosbolLike» бағдарламалары бойынша ақпарат
Ата-аналарға бағдарламалардың мақсаты мен мазмұны таныстырылды. Бағдарламалар оқушылардың адалдық, жауапкершілік, сыйластық, достық қарым-қатынас және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.





