Наурыз мейрамын мерекелеу іс-шаралары жоспары аясында 23 наурыз – «Тазару күніне» орай «Қарлы десант» акциясы ұйымдастырылды. Мектебіміздің оқушылары жалғызбасты зейнеткерлер мен педагогикалық еңбек ардагерлеріне барып, оларға қолдау көрсетіп, аумақты қардан тазартуға көмек көрсетті.
Оқушылар аға буынға құрмет танытып, алғыс пен қамқорлыққа толы жылы сөздерін білдірді. Олар аулаларды қардан тазартып, үйлерге кіреберіс жолдарды қауіпсіз әрі қолайлы етуге атсалысты.
Аталған іс-шара оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік, үлкендерге деген құрмет және мұқтаж жандарға көмектесуге дайын болу сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етті. Осындай акциялар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, балалардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады.





