Мектеп кітапханасында кітапқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және тозған кітаптарды жөндеуге арналған «Аман бол, кітап!» атты акция өткізілді.
Кітапханашының әңгімесінен оқушылар уақыт өте келе кітаптардың ескіруіне және оқырмандардың кітапқа ұқыпсыз қарауына байланысты жөндеуді қажет ететінін білді.
Акцияға қатысушылар бүктеліп қалған беттерді түзеп, қарындашпен жасалған белгілерді өшіріп, кітаптардың түптерін жөндеді.
Кітаптарды жөндеу барысында балалар жаңа әрі шын мәнінде пайдалы іске қызыға кірісті. Іс-шара барысында оқушылар өз еңбектерінің маңыздылығын сезініп, «кітапты күту керек» деген қорытындыға келді.
Бұл — кітапты сүюге ненавязчиво, яғни табиғи түрде үйрететін тамаша акция, пайдалы еңбек пен маңызды сабақ. Жөндеуден өткен кітаптар «екінші өмірге» ие болды.





