Біздің мектепке дейінгі ұйымымызда екінші күн «Қайырымдылық күні» – «Жақсылық жасау күні» атауымен өтті. Тәрбиешілер бұл күні адамдар бір-біріне көмектесіп, жақсы істер жасауға тырысатынын түсіндірді. Балалар «Наурыз құтты болсын!», «Рахмет!», «Жақсылық жаса!» деген жылы сөздер айтты.
Балалар ойыншықтарымен бөлісіп, достарына көмектесті және сыпайы болуға тырысты. Бұл күн мейірімділік, достық, әдептілік және бір-біріне қамқор болу дағдыларын бекітті. Күннің қорытындысы ретінде «Жүрекше» ойыны өткізілді. Балалар күні бойы жасаған мейірімді, жүрекжарды істерін еске түсірді.





