"Елецкий орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Елецкий орта мектебі» КММ - де оқушылармен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны учаскелік инспектор Аскаров Ш.Х. және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Казбекова Ж.В. ө

Previous Next

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Елецкий орта мектебі» КММ - де оқушылармен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны учаскелік инспектор Аскаров Ш.Х. және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Казбекова Ж.В. өткізді.

Кездесу барысында келесі тақырыптар жан-жақты түсіндірілді:
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» – оқушыларға гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары, сондай-ақ жынысына қарамастан адамдарға құрметпен қараудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Қауіпсіздік, құқықтар және көмекке жүгіну жолдарына ерекше көңіл бөлінді.
«Буллинг, кибербуллинг, лудомания» – мектепте және интернет кеңістігінде кездесетін агрессия түрлері түсіндіріліп, буллингтің пайда болу себептері мен одан қорғану тәсілдері айтылды. Сонымен қатар, оқушыларға лудоманияның (ойынға тәуелділік) қауіптілігі, оның белгілері және адамның психикалық әрі қаржылық жағдайына әсері туралы ескертілді.
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық» – жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылық үшін жауапкершілік және заңмен қайшылыққа әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Осындай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, саналы мінез-құлық қалыптастыруға және өзіне, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Инспекторлар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша практикалық кеңестер берді.
Записаться на прием