2026 жылғы 22 қазанда «Елецкий орта мектебі» КММ бастапқы кәсіподақ ұйымы Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі — Республика күніне орай білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан достық турнирін өткізді.
Турнир педагогтерге өздерінің спорттық шеберліктерін, командалық рухын, жеңіске деген жігерін және салауатты өмір салтына ұмтылысын көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Спорт алаңында достық, өзара қолдау, спорттық тартыс пен әділ ойын атмосферасы орнады.
Турнирге 5 команда қатысты:
«Кирилловка орта мектебі» КММ;
«Рудный орта мектебі» КММ;
Айыртау ауданының балаларды қолдау орталығы;
«Сырымбет орта мектебі» КММ;
«Елецкий орта мектебі» КММ.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
Осындай спорттық кездесулер денсаулықты нығайтып, педагогикалық ұжымдарды біріктіріп, қуанышты сәттер мен жаңа жетістіктерге жетелей берсін!





