"Елецкий орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

2–5 жас аралығындағы балалардың киберқауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтері ата-аналармен «Дөңгелек үстел» өткізді.

Previous Next
2–5 жас аралығындағы балалардың киберқауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтері ата-аналармен «Дөңгелек үстел» өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша педагогикалық сауаттылығын арттыру және гаджеттерді пайдалануға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Іс-шараның алғашқы кезеңінде ата-аналар «Балалар және гаджеттер» тақырыбындағы сауалнаманы толтырды. Кездесу барысында ата-аналар балалардың цифрлық қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқылады.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, кездесетін қиындықтарды ортаға салды және балалардың гаджеттерді қауіпсіз пайдалануын ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Записаться на прием